Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

12 сәуір – Халықаралық ғарышкерлер күніне орай Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ғарыш әлемі және қазақ ғарышкерлері» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығы мен тәжірибелі ғарышкер Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығына арналды.Іс-шараның мақсаты: Студенттерге ғарыш әлемі туралы кеңінен мәлімет беру, қазақ ғарышкерлерінің ерліктерін насихаттау және жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру болды.Іс-шараға «Кен орындарын игеру және сандық технологиялар мамандықтары» бөлімшесінің 1 курс білім алушылары топ жетекшісі Г. Байділдаева қатысты.Шара барысында қатысушыларға ғарышкерлердің өмір жолы, олардың ғарышқа ұшу тарихы мен ғылыми жетістіктері туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар ғарышкерлер туралы қызықты видеолар көрсетіліп, қатысушыларға ерекше әсер берді және «Ғарышкердің кітап сөресі» атты көрмесі таныстырылып, онда ғарыш тақырыбындағы кітаптар, энциклопедиялар мен танымдық материалдар қойылды.Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, ғарыш тақырыбында ұйымдастырылған викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Сондай-ақ оқушылар ғарышкерлерге арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, кештің әсерін арттырды. Шара соңында студенттер ғарыш әлемі туралы тың мәліметтер алып,қазақ ғарышкерлерінің өмірі мен еңбегі жайында өз білімдерін толықтырды.