Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі оқытушылары Шиелі ауданындағы ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өткізді.
Шараға ауданның бірнеше білім беру мекемелерінің №45, №46, №47, №48, №127, №219, №244, №252, №270, №40, №41, №49, №50, №141, №142, №148, №149, №150, №152, №153, №155, №156, №157, №158, №159, №181, №205, №206, №207, №214, №133, №243, №251 9 және 11 сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында:
- сұранысқа ие мамандықтар жөнінде кеңінен ақпарат берілді;
- колледжде білім алу мүмкіндіктері таныстырылды;
- оқуға қабылдау талаптары мен оқу үдерісі түсіндірілді.
Сонымен қатар, түлектерге болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы да маңызды мәліметтер ұсынылды.Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестер алды.Осындай кездесулер жас талапкерлердің дұрыс бағыт таңдап, болашағына сеніммен қадам жасауына ықпал етеді.