2026 жылғы 16 сәуірде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің бітіруші курс студенттерімен мазмұнды кездесу өтті.
Шараға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың басшылары қатысып, жастармен ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында студенттерге әскери қызметтің қоғамдағы рөлі мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, Отан алдындағы борышты өтеудің жауапкершілігі және әскери қызметтің азаматтық қалыптасудағы орны туралы маңызды ақпарат берілді.Сондай-ақ, әскерге шақыру тәртібі, қойылатын талаптар, медициналық тексеруден өту кезеңдері және жалпы іріктеу процесі жөнінде нақты мәліметтер ұсынылды.Бұдан бөлек, әскери қызметтің беретін мүмкіндіктері, оның жеке дамуға әсері, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызы атап өтілді.Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан толыққанды жауап алды.
РУС
ENG
ҚАЗ