Бүгін колледжімізде ерекше күн болды. Атамекен балалар үйі тәрбиеленушілері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылар колледждің білім беру бағдарламаларымен танысып, мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, оқу кабинеттері мен оқу зертаналарын және оқу процесін, студенттік өмірдің тыныс-тіршілігін өз көздерімен көрді.
Әрбір жас-болашақтың иесі. Осындай кездесулер олардың үлкен өмірге нық қадам жасауына септігін тигізеді деп сенеміз.
Сіздерге тек биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Біз сіздерді әрқашан қуана қарсы аламыз!!!
РУС
ENG
ҚАЗ
