АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА
Ашық сабақ
2026 жылдың 02 наурыз күні «Энергетика мамандықтары» циклдік әдістемелік комиссиясының апталығы аясында «Магниттік жүргізгіш арқылы жарықтандыруды басқару: монтаждау және қауіпсіз пайдалану» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Жакенова Бақыт Жаңабайқызы ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер:
• Магниттік жүргізгіштің құрылымы, қызметі және жұмыс принципін түсінді;
• Электр сызбасын оқып, талдай алды;
• Жарықтандыру тізбегін дұрыс монтаждады;
• Электр және еңбек қауіпсіздігін сақтады;
• Ақауларды анықтап, себептерін түсіндірді;
• Жүйені қауіпсіз әрі тиімді пайдаланды.
Студенттер белсенділік танытып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра алды. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді.
РУС
ENG
ҚАЗ