Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

"Жасанды интелект: болашақ технологиясы" тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында панорамалық сабақтар шеруі өткізілді. Іс-шара барысында әріптестер заманауи оқыту әдістерін талқылап, табиғат аясында өткізілетін сабақтардың тиімділігіне назар аударды. Оқытушылар агрономия саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық сабақтарды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, топырақ пен өсімдік жағдайын талдау әдістерін бірлесе қарастырып, кәсіби шеберліктерін жетілдірді. Бұл шара педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттырып, білім беру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды. Өткізген оқытушылар: Талпақова Ұ, Шакиева Л, Ержанова З.