Толығырақ
Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;
Техник - электрик – кәсіпорындағы электр және электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсететін маман.
Техник - электриктің міндеттеріне келесілер жатады:
· электр және электромеханикалық жабдықтарына техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
· тұрмыстық машиналар мен аспаптарға қызмет көрсету;
· электр және электромеханикалық жабдықты іске қосу, реттеу және сынау;
· электр жабдықтарының техникалық пайдалану ережелерін сақтау, стандарттау және сертификаттау сынақтарын жүргізу;
· өнімді метрологиялық тексеруден өткізу; ақаулар туралы акт және есеп құжаттамасын жасау;
· пайдалану объектісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Техник - электрик білу керек: электромеханикалық жабдықтарды баптауды, сынауды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, электр қондырғыларына сервистік қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру.
Техник - электрик істеу білу керек:
· электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;
· электр және электромеханикалық жабдықтарды баптауды, реттеуді және сынауды жүзеге асыру;
· материалдарды, жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын таңдау үшін нормативтік және анықтамалық әдебиеттерді пайдалану.
Қолданылу аймағы
Электриктер электр және электромеханикалық жабдықтармен жабдықталған кез келген мекемеде жұмыс істей алады. Бұл бейіндегі мамандар құрылыс ұйымдарында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында сұранысқа ие.
Толығырақ
Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;
«Электр жабдықтары» мамандығы электр жабдықтарын жөндеу, қызмет көрсету және орнату саласында кең профильді мамандарды дайындайды.
Техник - электриктің міндеттеріне келесілер жатады:
• электр жабдықтарын техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
• электр құрылғыларын орнату, іске қосу, реттеу және сынау;
• электр жабдықтарының техникалық жағдайын бақылау;
• ақауларды анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
• техникалық құжаттамаларды жүргізу және есеп беру;
• жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Техник - электрик білуі керек: электр жабдықтарының құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, оларды баптау, сынау, пайдалану және жөндеу әдістерін, сондай-ақ электр қондырғыларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Техник - электрик істей білуі керек:
• электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындау;
• электр құрылғыларын баптау, реттеу және сынау;
• өлшеу құралдарын қолдану және техникалық көрсеткіштерді бақылау;
• қажетті материалдар мен құралдарды таңдау үшін нормативтік құжаттарды пайдалану.
Қолданылу аймағы: Электриктер өндірістік кәсіпорындарда, энергетика саласында, құрылыс ұйымдарында, қызмет көрсету мекемелерінде және электр жабдықтары қолданылатын барлық салаларда жұмыс істей алады. Бұл мамандарға қазіргі таңда сұраныс жоғары.
Толығырақ
Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;
Техник-электромеханигі-электромеханикалық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, реттеуді, пайдалануды, сынауды, сондай-ақ өндірістік учаскеде жұмыстардың орындалуын ұйымдастыруды және бақылауды орындайтын маман.
Техник -электромеханиктің міндеттеріне келесілер жатады:
• электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
• жабдықтарды орнату, іске қосу, реттеу және сынау;
• ақауларды анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
• жабдықтардың жұмысын бақылау және тиімділігін арттыру;
• техникалық құжаттамаларды жүргізу және есеп беру;
• жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Техник -электромеханик білуі керек: электр және механикалық жабдықтардың құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, оларды баптау, пайдалану, жөндеу әдістерін, сондай-ақ автоматтандыру және басқару жүйелерін.
Техник -электромеханик істей білуі керек:
• электр және электромеханикалық жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу;
• жабдықтарды баптау, реттеу және сынау;
• өлшеу және бақылау құралдарын қолдану;
• қажетті материалдар мен құралдарды таңдау үшін нормативтік құжаттарды пайдалану.
Қолданылу аймағы: Электромеханиктер өндірістік кәсіпорындарда, зауыттарда, көлік саласында, энергетикада және қызмет көрсету ұйымдарында жұмыс істей алады. Бұл мамандарға қазіргі таңда сұраныс жоғары.
Толығырақ
Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;
Техник-жылу энергетигі-жылу электр станцияларының жылу энергетикалық жабдықтарын монтаждауды және пайдалануды орындайтын маман.
Техник –жылу энергетигінің міндеттеріне келесілер жатады:
• жылу энергетикалық қондырғыларды техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
• жабдықтарды іске қосу, реттеу және сынау;
• қондырғылардың жұмыс режимін бақылау;
• ақауларды анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
• энергия өндіру процесінің тиімділігін арттыру;
• техникалық құжаттамаларды жүргізу және қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Техник –жылу энергетигі білуі керек: жылу энергетикалық жабдықтардың құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, оларды пайдалану, баптау және жөндеу әдістерін, сондай-ақ автоматтандыру және басқару жүйелері.
Техник –жылу энергетигі істей білуі керек:
• жылу энергетикалық қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету;
• жабдықтарды баптау, реттеу және сынау;
• технологиялық көрсеткіштерді бақылау және талдау;
• нормативтік құжаттарды пайдалану және техникалық есеп жүргізу.
Қолданылу аймағы:
Техник –жылу энергетиктері жылу электр станцияларында, энергетикалық кешендерде, өндірістік кәсіпорындарда және коммуналдық шаруашылық ұйымдарында жұмыс істей алады. Бұл мамандарға қазіргі таңда сұраныс жоғары.
РУС
ENG
ҚАЗ