Ветеринарлық техник – жануарларды емдеу, күту және ветеринариялық шараларды жүргізуде ветеринар дәрігерге көмектесетін орта буын маманы. Бұл маман әртүрлі ұйымдарда төмендегі қызметтерде жұмыс жасай алады:
1. Ветеринариялық фельдшер
Жануарларды тексеру, екпе жасау, дәрі-дәрмек беру, алғашқы емдік көмек көрсету жұмыстарын атқарады.
2. Ветеринариялық клиника қызметкері
Үй жануарларын (ит, мысық және т.б.) қабылдау, тексеру кезінде дәрігерге көмектесу, жануарларды күту жұмыстарын жүргізеді.
3. Фермадағы ветеринариялық маман
Ірі қара, қой, жылқы, түйе және құс шаруашылықтарында жануарлардың денсаулығын бақылап, профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
4. Ветеринариялық зертхана технигі
Зертханада жануарлардан алынған үлгілерге (қан, сүт, т.б.) талдау жасауға көмектеседі.
5. Ветеринариялық санитар
Мал өнімдерінің (ет, сүт, жұмыртқа) қауіпсіздігін тексеру және санитарлық талаптарды бақылау жұмыстарын атқарады.
6. Мал сою пункттері мен ет комбинаттарында маман
Ет өнімдерінің сапасын тексеріп, ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізеді.
7. Ветеринариялық дәріхана қызметкері
Жануарларға арналған дәрілік заттарды сақтау, тіркеу және беру жұмыстарын атқарады.
8. Мемлекеттік ветеринариялық қызметте маман
Ауылдық округтерде немесе ветеринариялық пункттерде жануарлардың ауруларының алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Ветеринарлық техник ауыл шаруашылығы мекемелерінде, ветеринариялық клиникаларда, зертханаларда, базарлардағы ветеринариялық бақылау пункттерінде және мемлекеттік ветеринариялық қызметте жұмыс істей алады.
4S08410105 – Ветеринарлық фельдшер мамандығын бітірген маман жануарлардың денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алу және емдеу жұмыстарында ветеринар дәрігерге көмек көрсететін орта буын маманы болып табылады. Бұл маман келесі жұмыстарды атқара алады:
1. Жануарларды тексеру және алғашқы диагноз қою
Ауыл шаруашылығы және үй жануарларын қарап, ауру белгілерін анықтап, алғашқы ветеринариялық көмек көрсетеді.
2. Емдік және профилактикалық шаралар жүргізу
Жануарларға екпе жасау, дәрі-дәрмек беру, емдеу процедураларын жүргізу, аурулардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Мал шаруашылығы фермаларында жұмыс істеу
Ірі қара, қой, жылқы, түйе және құс шаруашылықтарында жануарлардың денсаулығын бақылау, вакцинация және профилактикалық шаралар өткізу.
4. Ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Ет, сүт және басқа мал өнімдерінің сапасын тексеруге қатысу, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау.
5. Ветеринариялық клиникаларда жұмыс істеу
Үй жануарларын қабылдау, тексеру кезінде ветеринар дәрігерге көмектесу, жануарларды күту және емдеу жұмыстарын орындау.
6. Ветеринариялық зертханаларда қызмет ету
Зертханалық талдауларға арналған материалдарды дайындау және зерттеу жұмыстарында көмек көрсету.
7. Құжаттар мен есеп жүргізу
Жануарларға жүргізілген емдеу, вакцинация және профилактикалық жұмыстар бойынша ветеринариялық құжаттарды толтыру.
4S08410105 – Ветеринарлық фельдшер мамандығы бойынша мамандар ветеринариялық пункттерде, мал шаруашылығы фермаларында, ветеринариялық клиникаларда, зертханаларда және мемлекеттік ветеринариялық қызмет мекемелерінде жұмыс істей алады.
Бұл мамандық сүт және сүт өнімдерін өндіру саласында жоғары білікті, заманауи технологияларды меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер сүтті қабылдау, алғашқы өңдеу, сақтау және әртүрлі сүт өнімдерін (кілегей, айран, ірімшік, май және т.б.) өндірудің толық технологиялық процесін үйренеді.
Оқу барысында білім алушылар:
• сүт шикізатының сапасын бағалау және талдау әдістерін;
• технологиялық процестерді ұйымдастыру мен бақылауды;
• өндірістік жабдықтармен жұмыс істеуді;
• санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды;
• өнім сапасын басқару және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді меңгереді.
Түлектердің кәсіби қызметі сүт өңдеу кәсіпорындарында, тағам өндірісі мекемелерінде, зертханаларда және сапаны бақылау бөлімдерінде жүзеге асырылады.
Бұл мамандық ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі болып табылады және еңбек нарығында сұранысқа ие.
Агрономия мамандығы – ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру, сапасын жақсарту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану заңдылықтарын қарастыратын ғылым саласы.Өсімдіктерді өсіру, топырақ құнарлылығын арттыру және жоғары өнім алу жолдарын зерттейтін мамандық. Бұл бағытта білім алған мамандар ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп, заманауи технологияларды қолдана отырып, сапалы өнім өндіруге үлес қосады. Агрономдар – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды мамандардың бірі.
Агрономия мамандығы оқытады:
• Топырақтану (топырақ құрамы, құнарлылығы)
• Өсімдік шаруашылығы (дәнді, көкөніс, майлы дақылдар)
• Тыңайтқыштар мен агрохимия
• Өсімдіктерді қорғау (зиянкестер мен аурулар)
• Суару және мелиорация
• Ауыл шаруашылығын механикаландыру негіздері
• Экология және тұрақты егіншілік
Қандай маман болып шығады?
• Агроном
• Агрохимик
• Өсімдіктерді қорғау маманы
• Фермер немесе шаруа қожалығының басшысы
• Ғылыми қызметкер
• Ауыл шаруашылығы компанияларында технолог
• Кеңесші (консультант)
9 сынып негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 сынып негізінде: 2 жыл 10 ай;
Гидротехник (орта буын маманы) — су ресурстарын тиімді пайдалану, су шаруашылығы жүйелерін жобалау, салу және пайдаланумен айналысатын маңызды мамандық.Бұл маман келесідей қызметтер мен ұйымдарда жұмыс істей алады:
1.Су шаруашылығы мекемелері: («Қазсушар» РМК сияқты кәсіпорындар, облыстық су басқармалары). Бұл мекемелер су ресурстарын есепке алумен, су қоймалары мен магистральды каналдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады. Мамандар мұнда суды бөлуді реттейді және мемлекеттік маңызы бар стратегиялық гидротехникалық нысандардың техникалық жағдайын бақылайды.
2.Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: Фермерлік қожалықтардағы суару жүйелеріне қызмет көрсету.Бұл кәсіпорындарда мамандар егістік алқаптарын суаруға арналған каналдар мен гидротехникалық қондырғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Олар суды тиімді пайдалану мақсатында заманауи суару технологияларын енгізіп, техникалық жабдықтардың жай-күйін қадағалайды.
3.Құрылыс компаниялары: СЭС-терді, дамбаларды, су қоймаларын және порттарды салумен айналысатын ұйымдар. Бұл ұйымдарда мамандар күрделі гидротехникалық нысандардың іргетасын қалаудан бастап, оларды пайдалануға бергенге дейінгі құрылыс процестерін тікелей басқарады. Олар нысандардың беріктігі мен қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін бақылап, су қысымына төзімді инженерлік шешімдердің орындалуын қадағалайды.
4.Экологиялық және табиғатты қорғау ұйымдары: Су ресурстарын қорғау және мониторинг жүргізу.Бұл ұйымдарда мамандар су нысандарының ластануын болдырмау үшін тұрақты экологиялық мониторинг пен сараптамалық зерттеулер жүргізеді. Олар табиғи су көздерін тиімді пайдалануды бақылап, су экожүйесін сақтауға бағытталған қорғау іс-шараларын іске асырады.
5.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ): Қалалық су құбыры және кәріз жүйелерінде. Бұл салада мамандар қалалық су құбырлары мен кәріз желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін және техникалық қауіпсіздігін қадағалайды. Олар су тазарту қондырғыларының жай-күйін бақылап, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін инженерлік жүйелердің жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.
9 сынып негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 сынып негізінде: 2 жыл 10 ай;
Ауыл шаруашылығын механикаландырудың техник-механигі-ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жұмысқа дайындау, техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалануды бақылау мен басқару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын орта буын маман
- Ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану саласы
Тракторшы-механизатор
Комбайншы
Ауыл шаруашылығы техникасының операторы
Машина-трактор паркі механизаторы
- Жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласы
Ауыл шаруашылығы техникасының механигі
Слесарь-жөндеуші
Техникаға техникалық қызмет көрсету шебері
Автотехника немесе трактор жөндеу маманы
- Ұйымдастыру және басқару жұмыстары
Машина-трактор станциясының шебері
Өндірістік учаске бригадирі
Техник-механик
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында техникалық қызметкер
- Қосымша жұмыс мүмкіндіктері
Фермерлік шаруашылықтарда техника маманы
Жылыжай немесе егін шаруашылығында техника операторы
Ауыл шаруашылығы техникасын сататын компанияларда кеңесші
РУС
ENG
ҚАЗ